Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Қазақстан 2008 жылғы Олимпиадада медальді сатып алды деп айыпталды

20.11.2024, 21:10

Қарсылас көнбеген соң қазақстандық делегация ақшаны төрешіге берген-мыс

Қазақстан 2008 жылғы Олимпиадада медальді сатып алды деп айыпталды
Арман Шылманов. Фото: Olympic.kz

2008 жылғы Бейжің олимпиадасында төрешінің бетінен теуіп, осы әрекеті үшін өмір бойына спорттан шеттетілген кубалық таеквондошы Анхель Матос Валодиа Фуэнтес даулы мәлімдеме жасады.

Спортшының айтуынша, қола жүлде үшін жұбаныш жекпе-жегінің алдында таеквондодан ҚР құрамасының өкілдері төрешіні сатып алуға тырысқан.

Оның сөзінше, бұл жайт Бейжіңдегі Олимпиада ойындары кезінде - 2008 жылғы 23 шілде күні болған. 

Қола жүлде үшін таласта кубалық Анхель Матос Валодиа Фуэнтес пен қазақстандық Арман Шылманов кездескен. Анхель жарақат алған кезде есепте алда келе жатқан (3:2). Швециялық төреші Шакир Шельбат оған 60 секундтық тайм-аут алуға рұқсат беріп, ал үзіліс аяқталғанда, кубалық жекпе-жекті жалғастырған жоқ. Сол кезде төреші қазақстандық спортшыны жеңімпаз деп тапты.

Төрешінің бұл шешімі кубалықтың ашуын туғызып, Фуэнтес қапталдағы төрешіні алдымен итеріп жіберіп, сонан соң Шакир Шельбатты бетінен тепті. Сондай-ақ, түкіріп жіберді. Таеквондошыны алдымен залдан шығарып, сонан соң ол өмір бойына спорттан шеттетілді. Оның бапкері Леудус Гонзалеске де сондай жаза тағайындалды.

Ал кубалық спортшы жақында берген сұхбатында болған жайттың өз нұсқасын айтып берді.

Ол қола жүлде үшін талас алдында Қазақстан құрамасының өкілдері оған жеңіліс үшін 40 мың доллар ұсынғанын айтты. Бірақ олар бұл бонустан бас тартқан көрінеді.

Фуэнтестің айтуынша, төреші Шакир Шельбаттың қазақстандық командадан конверт алған. Мұны ол өз көзіммен көрдім деп отыр.

«Міне, сондықтан да мен олар төрешіні сатып алды деп айтып отырмын. Шельбат алғашқы секундтардан-ақ ашуыма тие бастады. Бұған дейін бұл қазақстандық спортшыны жеңгенмін. Тағы да жеңуші едім. Бірақ әу бастан-ақ менде еш мүмкіндік болған жоқ. Есепте алда келе жатып жарақат алып қалдым. Қазақстандық бұл туралы төрешіге айтты. Ол өз кезегінде дәрігерді шақырды. Жарақатымды таңып жатқанда, төрешілер жаққа қарап едім, федерация өкілінің төрешіге қарсыластың қолын көтеру туралы белгі бергенін байқадым. Себебі жарақатымды таңу ұзақ уақыт алған секілді. Ойланып отырып, Сидней-2000-да словениялық Марсель Мормер айқас кезінде қолымды сындырып алғаным және оны таңу үшін бір жарым минут кеткені есіме түсті. Сонан соң біз ештеңе болмағандай жекпе-жекті жалғастырдық», — деді кубалық.

Еске салайық, қазақстандық таеквондошы Арман Шылманов қоржынға қола медаль салған болатын.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам