Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин басшылық қызметке тағайындалды

15.12.2023, 13:54

Ол енді еліміздегі су спортының дамуы үшін жұмыс істейтін болады

Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин басшылық қызметке тағайындалды
Sputnik

Рио олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызметке кірісті. Ол Алматыда ҚР Су спорты түрлері федерациясының конференциясында федерацияның вице-президенті қызметіне бекітілді.

Даңқты спортшы былтыр өзінің мансабын аяқтаған болатын.

«Маған сенім артқандарыңызға алғыс айта отырып, еліміздегі және халықаралық аренадағы су спорты түрлерінің дамуына өз үлесімді қосатыным үшін қуаныштымын. 2023 жылы өткен Азия ойындарында біздің федерация спортшыларының 80 пайызы Ойынның жеңіс тұғырына көтерілді, бұл федерация жұмысының тиімділігін дәлелдейді. 2016 жылы жеңіп алған Олимпиаданың алтын медалі маған үлкен еңбектің нәтижесінде келді. Бүгінде мен өзімнің тәжірибем мен жігерімді Қазақстандағы су спорты түрлерін дамытып, қолдауға дайынмын», - деді Дмитрий Баландин.

Дмитрий Баландин Рио олимпиадасында брасс әдісі бойынша жүзуден жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, ол 2014 жылы өткен Инчхондағы жазғы Азия ойындарында үш мәрте жеңімпазы болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам