Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Илья Ильин тізесіне ота жасатты

19.12.2023, 14:40

Ол Әлем чемпионатының 4 дүркін чемпионы, Азия ойындарының екі мәрте жеңімазы

Илья Ильин тізесіне ота жасатты
Reuters

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тізесіне ота жасатты. Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында мәлімдеді.

Ауыр атлеттің сөзінше, оның тізесі сыр беріп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. 

«Менисктің жыртылуына байланысты тізеге ота жасатуға мәжбүр болдым. Жарақаттың қалпына келтіруге шамамен алты айдай уақыт қажет», - дейді ауыратлет.

Илья Ильиннің әйелі Татьяна Гордиенко күйеуінің жаттығу залына оралғысы келетінін атады. Оның сөзіне қарағанда, спортшының жарақатынан айтарлықтай қауіп жоқ.

Илья Ильин 2003-2016 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетті. Ол Бейжің және Лондон Олимпиадасында чемпион атанған болатын. Алайда 2016 жылы оның сынамасын қайта қарау кезінде тыйым салынған преперат табылып, Олимпиададағы нәтижесі жойылған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам