ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Қырғыздың танымал балуаны бас бапкердің ауысуына наразылық білдірді

26.11.2024, 17:02

Ол – әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері

Қырғыздың танымал балуаны бас бапкердің ауысуына наразылық білдірді
Фото ашық дереккөзден

Грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, қырғызстандық Ақжол Махмұдов құрамадағы бас бапкердің ауысуына наразылығын ашық білдіріп отыр.

Әйгілі балуан әлеуметтік желіде жазба қалдырып, федерациясы шешімі бойынша бапкерлер тобының жұмыстан кеткенін айтқан.

Көрші елдің күрес федерациясының шешімі бойынша бас бапкер Азат Еркінбаев, аға бапкерлер Ұлықбек Қарашолақов, Арсен Ералиев қызметінен кеткен еді. 

«Федерацияның бұл шешім көптеген сұрақ тудырды. Мені бұл мәселе қатты алаңдатып отыр. Жүрегіме ауыр тиген жаңалық болды. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын. Еңбектеріңіз менің адам және спортшы ретінде қалыптасуыма септігін тигізді», - деп жазды балуан.

Ақжол Махмұдов класскалық күрестен 77 келіде белдеседі. Ол Токио Олимпиадасында күміс жүлде алса, Парижде ширек финалдық белдесуде қазақстандық Демеу Жадыраевқа жол беріп, нәтижесінде қола медаль иеленген еді. Сондай-ақ, ол әлемнің екі дүркін чемпионы. Азия ойындарының жеңімпазы, Азия біріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам