ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Абиба Әбужақыноваға ақшалай марапат беріледі

26.11.2024, 20:56

Дзюдошы ай сайын арнайы стипендия алып отыратын болды

Абиба Әбужақыноваға ақшалай марапат беріледі
ҰОК

Дзюдодан әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері Абиба Әбужақынова Париждегі жеңілісінен кейін тағы бір марапатқа ие болды.

ASSYLTAS қоры кезекті рет спортшыларға беретін стипендия иегерлерінің қатарына Абибаны қосып отыр. Бұл туралы аталған қордың ресми өкілі Рауан Оқас мәлімдеді.

"ASSYLTAS стипендиясы кімге бұйырады? Алты номинант белгілі. Елдос Сметов пен Ризабек Айтмұхан бұл тізімде жоқ. Өйткені бұған дейін стипендия иегері болған. Әбиба қарындасымызға уәде еткеніміздей еш конкурссыз стипендия береміз. Алтылықтың ішінде дауысыңызды кімге берер едіңіз?", - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Естеріңізде болса, Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 келіде күресіп, бесінші орынға ие болған еді. Ол турнир барысында екі қарсыласын ұтып, ширек финалға шықты. Алайла жартылай финалға шығар сында Испания дзюдошысына ұтылды. Ал жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысын ұтқанымен, қола үшін күресте Швеция спортшысынан айласын асыра алмады. Сол сәтте көз жасына ерік берген спортшы қазақ жанкүйерлерінің шексіз ықыласына бөленген еді.

Кейін елге оралған Әбужақыноваға демеушілер көлік мінгізді. Оның ішінде "Жеңіс" дзюдо клубының негізін қалаушы Алмаз Әлсенов, Атырау облысының кәсіпкерлері және еліміздегі саяси партия өкілдері үш көлікті сыйға тартқан болатын.

Біздің серіктес: FONBET

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам