Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Лондонда оқимын. Күресуге уақыт жоқ»: Сметовтің алдағы жоспары қандай?

03.12.2024, 19:42

Танымал дзюдошы ағылшын тілін жетік меңгеруді көздеп отыр

«Лондонда оқимын. Күресуге уақыт жоқ»:  Сметовтің алдағы жоспары қандай?
Видеодан кадр

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жақында Лондонға аттанады. Спортшы бұл сапарында тұманды Альбионда ұзақ мерзім бойы болып, ағылшын тілін жетік меңгеруді көздеп отыр.

Бұл туралы спортшы журналист Найма Нұрәліге берген жауабында атап өтті.

«Мен үшін Олимпиада енді аяқталды. Бұйырса, біраз демаламын. 2025 жылдың соңына таман татамиге ораламын. Мүмкін болса, 2026 жылдың қаңтары деп ойлаймын. Қазіргі таңда ағылшын тілін үйренбекпін. Келер жылдың қаңтар айында 4 айға Лондонға оқуға кетіп барамын. Қазіргі жоспар осы болып отыр. Кейін ақырындап жаттығуға кіріспекпін», - деді Елдос Сметов.

Елдос Сметов бұған дейін бірнеше рет жаттығу залында бой көрсеткен еді. Алайда ол құрамаға түбегейлі қосылуды кейінге қалдырып отыр.

Спортшы Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарған болатын. Тараздық татами шебері 27 шілде күні 5 белдесу өткізіп, барлығында айқын жеңіске жетті. Ол ел тарихында дзюдодан Олимпиада шыңын бағындырған алғашқы спортшы атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам