Токиода алғашқы жарыс күнінде қазақ дзюдошылары жаппай жеңілді

07.12.2024, 14:04

Қазақстан бірінші күнді медальсіз аяқтады

Токиода алғашқы жарыс күнінде қазақ дзюдошылары жаппай жеңілді
IJF

Бүгін Токиода басталған Гранд Слэм турнирінде татамиге шыққан барлық қазақстандық дзюдошылар жеңіліп қалды.

60 келіде Дәурен Сүйеукенов, Шерзод Давлатов, 73 келіде Бақытжан Әбдірахманов жарысты аяқтады. Әбдірахманов алғашқы айналымда румын балуанын ұтса, екінші айналымда АҚШ өкілінен оңбай ұтылды. Ал Сүйеукенов пен Давлатов алғашқы айналыммен жарысты аяқтауға мәжбүр болды.

Әйелдер арасында 52 келіде Толғанай Әбеуова, 57 келіде Дана Әбдірова, 63 келіде Самалай Ерғалиева да алғашқы белдесуде жеңілістің кермек дәмін татып, елге жүлдесіз оралатын болды.

Енді ерлер 81, 90, -100, +100 келіде, ал әйелдер 70, 78, +78 келіде ертең татамиге шығады. Аталған турнирге Қазақстан ұлттық құрамасынан 11 балуан жарысқа аттанған болатын.

 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды3
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам