Елдос Сметов бесінші сәбиіне өзі азан шақырып ат қойды

19.12.2023, 16:21

Сәбиді перзентханадан кеше шығарған

Елдос Сметов бесінші сәбиіне өзі азан шақырып ат қойды
скрин Instagram

Олимпиада Ойындарының екі дүркін жүлдегері Елдос Сметов бесінші баласын перзентханадан шығарды. Жақындарымен бірге қуанышты сәтін атап өткен дзюдошы кенже туған ұлына өзі азан шақырып, Абдолла деген есімді берді. 

Әлеуметтік желіде бірнеше бейнежазба жариялаған спортшы перзентханадан баласын алқалы топпен шығарып алған. Домбырамен ән салған әншілер оның қуанышын еселей түскен. Шілдехана рәсімі оның үйінде жалғасып, ата-анасы немерелеріне тілектерін арнады. 

«Ата-анамызды бізге жасаған дұғаларының арқасында Алла бізге осындай қуаныш берді. Шын мәнінде Алла шын сүйген құлдарынан екенбіз. Сондай нығметке бөлеп жатыр», - деді спортшы. 

Елдос Сметов 1992 жылы дүниеге келген. Ол 2010 жылы Марокконың Агадир қаласында өткен жастар арасында әлем чемпионатында 55 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ, 2011 жылы Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында 60 келіде болашақ Олимпиада чемпиондары Наохиса Такато, Фабио Базильдермен бір тұғырға көтеріліп, қола жүлдеге қол жеткізді. 

2013 жылы Азия чемпионатында қола жүлде, 2014 жылы Азия ойындарында және 2015 жылы әлем чемпионатында жеңімпаз болды. 2016 жылы Азия чемпион атанған ол Риода өткен олимпиадада финалға шығып, күміс жүлде алды. Сонымен бірге, 2019 және 2022 жылдары әлем чемпионатында қола медальға қол жеткізді. Ал Токио Олимпиадасында үздік үштіктен көрінген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?