Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Ресей құрамаcына іліне алмай Бахрейн азаматтығын алған А.Тажудинов әлемнің ең үздік балуаны атанды

20.12.2023, 11:44

Ол небәрі 20 жаста

Ресей құрамаcына іліне алмай Бахрейн азаматтығын алған А.Тажудинов әлемнің ең үздік балуаны атанды
Wrestlersarewarriors.com

Биыл еркін күрестен 97 келіде әлемдік сенсация жасаған Ахмед Тажудинов дүние жүзінің үздік балуаны атанды. Ол Сербияда өткен әлем біріншілігінде Олимпиада чемпионадары Абдурашид Садулаев пен Кайл Снайнерді еш мүмкіндік берместен ірі есеппен ұтқан еді.

Ахмед Тажудинов Дағыстанның тумасы. Соңғы бірнеше жылда Бахрейн атынан күресіп жүрген ол биылдың басты жаңалығына баланып отыр. Себебі, әлем чемпионатынының ширек финалында Олимпиада ойындарының чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы, АҚШ балуаны К.Снайдерді 11:0 есебімен белдесудің алғашқы кезеңінде ұтса, жартылай финалда екі дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы А.Садулаевтан 9:2 есебімен басым түсті. Күрес көрермендері бұған дейін Садулаевтың мұншалықты дәрменсіз күйін көрмеп еді.

Тажудинов Дағыстандағы Садулаевтың күрес мектебінің түлегі. Ол биыл Азия және әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмей, жеңіске жетті. Үш ірі жарыста оза шапқан ол небәрі 20 жаста.

Биыл біріккен күрес әлем қауымдастығы әлемнің үздік балуанына үміткер ретінде 5 балуанды атады. Оның қатарында 92 келіде әлем чемпионы атанған қазақстандық Ризабек Айтмұқан да бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам