Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жаңа кешенін аралады

13.12.2024, 14:51

Ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған

Тоқаев «Жетісу»  волейбол клубының жаңа кешенін аралады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барған сапарында «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысқан. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрген.

Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған көрінеді. Жалпы ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған.

Болашақ жаңа спорт кешенінде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері қамтылыпты. Кездесуде Тоқаев спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысып, онда пәтерлерден бөлек, асхана, оқу кабинеттері мен демалыс аймағы қарастырылғанына куә болған. Жеке инвестор салды деген ғимараттың ауданы 3866,5 шаршы метрді құрайды.

«Қасым-Жомарт Тоқаев мамандармен және спортшылармен әңгімелесіп, команданың жақсы ойын үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті. Сондай-ақ осыған дейін Алматы қаласында жаттығып келген клубтың енді облыста дайындық жасай алатынына назар аударды. Сөз соңында спортшыларға халықаралық деңгейде өнер көрсету қажет екенін айтып, алдағы жарыстарда жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді», - деп жазылған Ақорда таратқан ақпаратта.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам