Бұл – Қазақстан қоржынындағы екінші алтын медаль
Ауыр атлетикадан Бахрейнде өтіп жатқан әлем чемпионатында Артем Антропов топ жарды. 102 келіде сынға түскен қазақстандық ауыратлет 400 келіне ырқына бағындырып, әлем үздігі атанды. Сонымен қатар, ол жұлқа көтеруде де кіші алтын медальды иеленді.
Серпе көтеруде 170 келіні бағындырған отандасымыз, жұлқа көтеру жаттығуында 230 келіні еңсерді. Бұл салмақта күміс жүлдені Катар өкілі Фарес Эль-Бах 399 келімен (174+225) иеленсе, қола жүлдені испаниялық Маркос Руиз Веласко 395 келімен (183+212) олжалады.
Бұған дейін 96 келіде қазақстандық тағы бір ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанған еді. Сондай-ақ, 81 келіде Алексей Чуркин күміспен күптелді.