ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады

15.12.2024, 14:58

Бұл биылдың соңғы жаттығуы

Дзюдодан ұлттық құрама Токиода жаттығуын бастады
instagram.com/aibek_imashev/

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы жылдың соңғы оқу-жаттығу жиынын Токиода өткізіп жатыр. Бұл туралы құраманың дзюдошылары әлеуметтік желіде фото жариялап, Жапонияда жаттығудың жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев жаттығу жиындарының қалай өтіп жатқанын жазды.

«Ұлттық құрама командасы жылдың қорытынды халықаралық оқу-жаттығу жиынын дәл осы Токио жерінде өткізуі бекер емес. Спортшылар шетелдік спортшылармен бірлескен жаттығуда тәжірибе алмаса отырып, қатемен жұмыс істеп жатыр. Бұл жаттығу жиыны жаттықтырушылар үшін де тәжірибе алмасу, біліктілікті шыңдау үшін керемет мүмкіндік болып саналады. 2024 жылдың соңғы жарысы аяқталғанымен, жаттығулар әлі аяқталған жоқ. Біз үшін маусым әлі де жалғасуда», - деді Айбек Имашев.

Бұған дейін 7-8 желтоқсан күндері құрама спортшылары Токио Гранд Слэмінде белдескен болатын. Алайда 11 дзюдошының арасында тек Максим Мейірлан (-90 кг) ғана қола үшін күресіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады. Қалғандары түгел жеңілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам