Жәмила Бақбергенова да өз салмағында екінші тұр
Тиранада күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежесі бойынша өткен әлем чемпионатында топ жарған Нұрқожа Қайпанов үздіктер қатарына енді.
Біріккен күрес әлемінің жыл соңында шығарған рейтингінде Қайпанов 70 келіде екінші сатыға тұрақтады. Бұл көрсеткіш бойынша көшті грузин балуаны бастап тұр. Ал үшінші орынға жапон балуаны тұрақтаса, тәжік балуаны үздік төрттікті түйіндеді.
Айта кететін жайт, барлық салмақ бойынша үздіктер қатарына еліміздің еркін күрес құрамасынан тек бір балуан ғана енген. Өзге салмақтарда қазақ балуанды алғашқы бестікте жоқ.
Сондай-ақ, әйелдер күресінне 72 келіде Жәмила Бақбергенова екінші сатыға жайғасса, грек-рим күресінен Ержет Жарылқасын 63,5 келіде көш бастады. 77 келіде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев төрттікті түйіндеді.