Тағы бір қазақстандық Самаркан Сағынбек қола жүлдеге қол жеткізді
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медаль түсті. Бұл жолы -89 келіде сынға түскен Алексей Чуркин үздік шықты.
Қазақстандық ауыратлет қоссайыста барлығы 360 келіні бағындырып (163+197), жұлқа көтеруде де, серпе көтеруде де бірінші болды. Күміс медаль ирандық Илия Салехипурге бұйырса 356 (161+195), қола жүлдеге өзге ирандық Аббаспур Алиреза қол жеткізді 355 (159+196).
Тағы бір отандасымыз Самаркан Сағынбек аса ауыр салмақта 324 келіні (142+182) көтеріп, қола медаль жеңіп алды.