Жастар мен жасөспірім дзюдошыларға да қомақты сыйақы берілді
Қазақстан дзюдо федерациясы 2023 жылғы спорт маусымын қорытындылап, биыл үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйлықтарды табыстады. Олардың қатарында спортшылардан бөлек, бапкерлер мен федерация мамандары да бар.
Федерация президенті Қуанышбек Есекеев Азия ойындарының жүлдегерлері Абиба Әбужақыноваға 5 мың АҚШ долларын, Мағжан Шамшадин, Эсмигүл Куюлова, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шарханға 3 мың доллардан табыстады.
Сондай-ақ, жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Жанарыс Рахметқали мен Талғат Орынбасар 1500 доллар көлемінде сыйақы алды.
Ал жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Нұрлан Исатаев 1 000 000 тг, жүлдегер Сабина Юлдашбекова 500 000 тг, Балғабай Досбол, Оралбек Байзақ, Берікбол Жұманбековке 400 000 тг мөлшеріндегі сертификат берілді.
Бұдан бөлек, спорт маусымында жоғарғы нәтиже көрсеткен Камила Берліқаш пен Ғалия Тынбаева, Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаев бастаған Қазақстан ұлттық құрама командасының бапкерлер қосыны, Қазақстан жастар мен жасөспірімдер құрама командаларының аға жаттықтырушылары, ұлттық құраманың массажист, дәрігерлері, федерация қызметкерлері де елеусіз қалған жоқ.