Ол Париж Олимпиадасында қарсылас шақ келтірмеді
Әлемдік дзюдо федерациясы (IJF) әр салмақ бойынша үздіктер тізімін жариялады. Олардың қатарында қазақстандық балуандар болмаса да, көрші өзбек елінің өкілі бар.
Атап айтқанда, Париж Олимпиадасында жарыстың басты фавориті саналған жапон Ута Абэні иппонмен жеңген Диёра Келдиёрова өз салмағының (-52 кг) көшін бастап тұр.
Әйелдер арасынан әлемдік рейтингтің үздіктері:
Ерлер арасынан әлемдік рейтингтің үздіктері:
Диёро Келдиёрова Париж Олимпиадасында 1/8 финалда төрт дүркін әлем чемпионы, Гранд Слам турнирлерінің 9 мәрте алтын жүлдегері, Токио Олимпиадасының чемпионы жапон қызы Ута Абэні жеңіп, сенсация жасаған болатын. Өзбектің балуан қызы төрт жылдықтың басты додасында қарсылас шақ келтірмей, Париж Олимпиадасының чемпиондық атағына қол жеткізді.