Жаңажылдық шығарылым! Ерсін Ерік, Ермұхамед Мәулен, Олжас Байбосын, Уәлихан Қосанбай, Эльдар Аманбаев

«Жеңілген сәтте елеусіз қалады»: Нұрқожа Қайпановтың әйелі шындықты айтты (ВИДЕО)

31.12.2024, 15:16

Танымал балуан биыл әлем чемпионы атанған еді

«Жеңілген сәтте елеусіз қалады»: Нұрқожа Қайпановтың әйелі шындықты айтты (ВИДЕО)
instagram.com/kaipanova_sedneva_m/

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпановтың жары Марина Седнева күйеуінің жабырқаған сәттегі жайы туралы айтты. Спорт журналисі Ақырыс Сейітқазыға берген сұхбатында балуанның әйелі Қайпанов жеңілгенде үнемі елеусіз қалатынын жеткізді.

Сұхбат барысында Седнева күйеуінің қиын жағдайдан шығуына, өз-өзіне келуіне үнемі қолдау көрсеткенін атады.

«Нұрқожа физикалық жағынан бөлек, психологиялық тұрғыда да ауыртпашылыққа тап болады. Жеңілген кезде оның қасында ешкім болмайды. Тек әйелі болып мен жүремін. Қандай жағдайда жүреді, соның барлығына үнемі куә боламын. Ол да маған ауыр тиеді. Кеше әлем чемпионы болған сәтте көз жасыма ерік бердім», - деді Марина Седнева.

Ал Нұрқожа Қайпанов болса, балуандарға ірі жарыстар алдында шамадан тыс жауапкершілік артылып, оның кері әсері болатын алға тартты. 

«Бізге сенім артумен қатар, оның ар жағында ауыр жүк артпауы керек. Жарыс алдында жауапкершілік тым ауыр болып кетеді. Жарысқа сол "жүкпен" шығасың да, өз дегеніңе жете алмай қаласың. "Не болып қалды" деп ойға батып, тұрып қаласың. Ондай кезеңдер де көп болды», - деді Нұрқожа Қайпановтың өзі.

Қазан айының соңында Нұрқожа Қайпанов Албания астанасында күрес түрлерінен олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында чемпион атанған еді. Ол 70 келіде белдесіп, 5 қарсыласының 4-ін уақытынан бұрын ұтты. Ал, финалда Жапония балуанынан 5:3 есебімен басым түсті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам