Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарында Қазақстан намысын кім қорғайды

06.01.2025, 13:04

Ресейден келген Софья Самоделкина Қазақстан атынан шығады

Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарында Қазақстан намысын кім қорғайды
sport-weekend.com

Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушылар штабы 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтетін Азия ойындарына қатысатын құраманы бекітті. Бұл туралы Қазақстанның мәнерлеп сырғанау федерациясы мәлім етті.

Алдағы Азия ойындарында медаль үшін келесі спортшылар бақ сынайды:

Ерлердің жеке сырғанауы: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы спортшы – Рахат Бралин.

Әйелдердің жеке сырғанауы: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы спортшы – Анна Левковец.

Мұздағы би: Гауһар Наурызова / Байсанғұр Датиев.

Айта кетейік, белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «SPORT+ Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында Софья Самоделкинаның Қазақстан құрамасына ауысуына қатысты пікір білдірген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам