Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Қазақтың даңқты боксшысы Серік Нұрқазов із-түссіз жоғалып кетті

24.12.2023, 23:51

Оның қайда бет алғаны туралы әзірге ақпарат жоқ

Қазақтың даңқты боксшысы Серік Нұрқазов із-түссіз жоғалып кетті
Караван

Бокстан Еуропа чемпионы және КСРО-ның үш дүркін жеңімпазы Серік Нұрқазов Алматыда жоғалып кетті. Ол 10 күн бұрын үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Бұл туралы волонтерлар әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда.

Алдын ала болжам бойынша 64 жастағы боксшының денсаулығына байланысты диагнозы болған. Ол 14 желтоқсан күні Алматыда Медеу ауданындағы мекен-жайынан сыртқа шыққан. Алайда, кешке үйге оралмаған.

Ол сол күні үйден шығарда сұр түсті бас киім, қалың көк күрте, ақ түсті водолазка, қара джинсы шалбар киген. Сипаттама бойынша оның шашы ақшыл сұр түсті, сақалы бар.

Серік Нұрқазовты көргендер болса іздеушілер +7 702 712 79 22 телефон нөміріне хабарласуды сұрады.

Белгілі боксшы Серік Нұрқазов 1983 жылы Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропа біріншілігінде топ жарды. КСРО-ның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ, әлем кубогінің күміс және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам