Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Азамат Дәулетбековке демеушілер көлік сыйлады, тағы үш балуан баспаналы болды

23.12.2023, 12:24

Қаражат демеушілер есебінен алынды

Азамат Дәулетбековке демеушілер көлік сыйлады, тағы үш балуан баспаналы болды
facebook.com/rauan.football

Еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбековке демеушілер шетелдік көлік сыйлады. Биыл дүние жүзілік біріншілікте 86 келіде жүлдегер атанып, Париж jлимпиадасының жолдамасын иеленген балуанға белгілі кәсіпкер Дулат Тастекеев құрмет көрсеткен. 

«Ризабек пен Азамат әлем чемпионатынан қатар оралғанда бар назар мен құрмет 19 жастағы чемпионға ауды. Көпшілік Азаматтың қола медаль ғана емес, Париж олимпиадасының жолдамасын алғанын байқамай қалғандай болды. Бүгін Азаматқа лайықты құрмет көрсетейік деп, автокөлік сыйладық», - деп жазды Дулат Тастекеевтің өкілі Рауан Оқас.

Азамат Дәулетбеков еркін күрестен әлем чемпионатының екі жүлдесін иеленген. Ол былтыр Сербияда өткен әлем чемпионатында қола медаль иегері атанса, биыл да сол жетістігін қайталады. Айта кететін бір жайт, ақпан айында өтетін ел чемпионатынан Азамат Дәулетбеков босатылып отыр. Спортшы келер жылы Парижде өтетін сында ел намысын қорғайтын болады.

Сондай-ақ, еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының қорытынды жиынында еркін күрестен Қазақстанның тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан, грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгілер арасында Сұлтан Әсетұлы және жастар арасында әлем чемпионы Ихсар Курбаевқа пәтер тарту етілді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам