Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Нұрбақыт Теңізбаев жаңа қызметке тағайындалуға жақын

07.01.2025, 16:58

Алматы қалалық спорт басқармасына үміткерлерді іріктеу отырысы өтті

Нұрбақыт Теңізбаев жаңа қызметке тағайындалуға жақын
qazaq1913.com

Алматы қалалық спорт басқармасының басшылығына үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия отырысы өтті. Үміткерлер арасында грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев та бар.

Комиссия отырысында Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Дархан Нұрханұлы, Алматы қаласы cпорт басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Онжан Нұрланұлы және Бейжің Олимпиадасының жүлдегері, Алматы облысы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың кандидатуралары жан-жақты талқыланды.

«Комиссия мүшелері әр кандидаттың спорт саласындағы тәжірибесін, өңір спортының даму перспективаларына қатысты көзқарасын және спорт менеджменті саласындағы біліктілігін бағалады. Кандидаттарды жергілікті атқарушы орган ұсынады, ал тағайындау тек Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда жүзеге асырылады», - делінген министрлік хабарламасында.

Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында туған. Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының вице-чемпионы, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Теңізбаев қазіргі таңда Алматы облысы Кеген ауданының әкімі қызметін атқарады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам