Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Үшінші рет әлем үздігі»: Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

08.01.2025, 16:13

Отандасымыз шешуші сында америкалық Риз Чапделайннен басым түсті

«Үшінші рет әлем үздігі»: Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды
ҰОК

Алматыда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Анастасия Городко фристайл-могулдың параллельді могул түрінен чемпион атанды.

Olympic.kz-тің дерегінше, отандасымыз шешуші сында америкалық Риз Чапделайннен басым түсіп, үздік шықты. Ал қола жүлдеге АҚШ-тың тағы өкілі Эбби Макларнон ие болды.

Бұған қоса, бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған еді.

Айта кетсек, Городко 2022 жылғы әлем чемпионатында үш жүлде иеленген. Сондай-ақ, параллельді могулда жеңімпаз атанып, жекелей есепте және аралас командалық сында екінші орын алды. Ал 2024 жылғы әлем чемпионатында могул бойынша бірінші орын, параллельді могулда екінші орынға тұрақтаған.

Қазақстандық спортшының бұл жетістіктері оның фристайл-могулдағы әлемдік деңгейдегі мықты спортшы екенін тағы бір рет дәлелдеп отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам