Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Спорт вице-министрі елімізде легионерлер санын қысқартып жатқанын айтты

25.12.2023, 17:31

Хоккейден жастар құрамасының ойыншылары түгел Қазақстан тумалары

Спорт вице-министрі елімізде легионерлер санын қысқартып жатқанын айтты
Ортком

Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ел спортында легионерлер азайтылып жатқанын айтты. 

«Легионерлер саны қысқартылып жатыр. Біріншіден, хоккей, волейбол, футбол, баскетбол спорт түрлері бойынша ЕурАзЭҚ-те ойнайтын легионерлер санын қысқарту бойынша ұсыныс бердік. Қосалқы құрамда отыратын және алаңда ойнайтын ойыншылардың айырмашылығы болуы керек. Футболда алаңда бұрын 5 адам болса, оларды 3 адамға дейін қысқартып жатырмыз», - деді ол.  

Жарасбаев жеңіл атлетикаға Кениядан келген 5 спортшы сынға жиі ұшырайтынын айтты.

«Халық тарапынан «оларды қайтеміз» деп айтып жатыр. Алайда, олар бізде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Олардың барлығын қабылдау керек. Бізде дайындалу арқылы жеңіл атлетика бойынша солардың арқасында алғаш алтынға ие болды. Бір жыл бұрын допингке қатысты күмәнді мәселелер туындаған. Бірақ соңғы айда БАҚ-та дәлелденіп, таза болып шықты. Парижге дайындалып жатқандардың ішінде бұрыннан келе жатқан легионерлер ғана бар, жаңадан легионер қосылған жоқ. Біз өз спортшыларымызды өсіруіміз керек. Кеше Будапеште хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Ол жерде тек қазақстандықтар ғана өнер көрсетті», - деді Жарасбаев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам