Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Махмұд Сабырхан мен Ризабек Айтмұқан жыл спортшысы атанды

25.12.2023, 21:50
Махмұд Сабырхан мен Ризабек Айтмұқан жыл спортшысы атанды
Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» спортшыларды марапаттады. Биыл жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар мен салаға елеулі үлес қосқан мамандар 18 аталым бойынша марапатқа ие болды.

Олардың қатарында әлем чемпиондары Сабырхан Махмұд пен Ризабек Айтмұқан да бар.

Марапаттау барысында туризм және спорт министрі биыл ел спорты үшін сәтті жыл болғанын атап, үздік деп танылған спортшыларды құттықтады.

«Ұлттық құрама спортшылары жыл басынан бері 1 400 халықаралық жарысқа қатысып, 864 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 291 алтын, 262 күміс және 311 қола медаль. Әлем чемпионаттарында 68 алтын медаль, Азия чемпионаттарының 47 алтын жүлде, Азия ойындары 10 алтын олжалады», - деді Ермек Маржықпаев.

Жыл қорытындысы бойынша «Үздік» деп танылғандар:

Нұркен Рахманқұл – «Жылдың үздік ауыл жаттықтырушысы»;

Кенжеғали Бекқұлов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт әдіскері»;

Рауан Қазезов – «Ауылдық жердегі үздік дене шынықтыру және спорт нұсқаушысы»;

Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі – «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі»;

Исхар Курбаев – «Жас және жасөсіпірімдер құрамындағы спортшы»;

Виктория Волкова – «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»

Наталья Сухачева – «Дене шынықтыру және спорт саласындағы үздік маман»;

Берік Қонысбеков – «Үздік спорт дәрігері»;

Мөлдір Жаңбырбай, Милад Карими, Руслан Құрбанов –  «Жылдың үздік нәтижелері»;

Қазақстандық спорттық ату федерациясы – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»;

Тимур Турлов – «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясының президенті»;

Әділет Бәрменқұлов – «Жылдың үздік спорт менеджері»;

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған Үміт спорт клубы – «Жылдың үздік спорт ұйымы»;

Алматы қаласы – «Үздік спорттық өңір»

Сергей Шабалин (Руслан Құрбановтың жаттықтырушысы) – «Жылдың үздік жаттықтырушысы»;

Ризабек Айтмұхан – «Спорттағы үздік серпін»;

Махмұд Сабырхан, Ербол Хамитов – «Жылдың үздік спортшысы»;

Самат Қанағатов, Жандос Бұсұрманов, Ербол Қайыров – «Үздік спорт журналисі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам