Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

АҚШ-тың атақты спортшысы Олимпиадада иеленген барлық жүлдесінен айырылып қалды

14.01.2025, 21:22

Лос-Анджелестегі төтенше жағдай кезінде спортшының үйі өртке оранды

АҚШ-тың атақты спортшысы Олимпиадада иеленген барлық жүлдесінен айырылып қалды
Getty Images

Америкалық танымал жүзуші, Олимпиада ойындарының бес дүркін чемпионы кіші Гэри Холл Калифорниядағы өрт салдарынан төртжылдықтың басты ойындарынан иеленген 10 жүлдесінен айырылды. Лос-Анджелестегі төтенше жағдай кезінде Пасифик-Палисейдс ауданында орналасқан оның жалға алған үйі де жалын құшағында қалған.

Өрт кезінде Холл үйінен тек иті мен екі картинаны және инсулинін алып үлгергені белгілі болды. Оның әкесі Facebook парақшасында ұлының отбасылық жәдігерлерін, фотосуреттері мен басқа да құнды заттармен бірге олимпиадалық жүлделерінің өртеніп кеткенін жеткізді.

Кіші Гэри Холл Атланта, Сидней және Афина Олимпиадаларында жалпы саны 10 медаль иеленген. Оның ішінде бес алтын, үш күміс және екі қола жүлдесі күлге айналды.

Белгілі спортшы бүгінде Лос-Анджелесте балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеп жүр. Өрттен кейін ол Сан-Диегодағы отбасына оралған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам