Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Сметов татамиды аудиторияға ауыстырып, Лондонда оқуды бастап кетті

15.01.2025, 12:30

Балуан ағылшын тілін терең меңгеруді көздеп отыр

Сметов татамиды аудиторияға ауыстырып, Лондонда оқуды бастап кетті
әлеуметтік желі

Жақында ғана Лондонға аттанған Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов тіл үйренуге кіріскенін мәлімдеді.

Белгілі дзюдошының сөзінше, ол тұманды Альбионға табаны тиген соң екінші рет сабаққа барып үлгерген. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желіде оқу барысынан фото сурет жариялады. Балуан алдағы 4 ай бойы ағылшын тілін терең меңгеруді көздеп отыр. Бұған оның шетелдік әріптестерімен сөйлесе алмауы себеп болған.

Спортшы өткен жылы Париж Олимпиадасында чемпион атанған күні кешкілік банкет кезінде шетелдік әріптестерінің құттықтауын түсіне алмаған. Әрі олармен мүлде тілдесе алмауынан кейін ол осы уақытқа дейін уақытын зая кетіріп, ағылшын тілін үйренбегеніне налыған. Осыдан кейін ол шетел асып, тілді еркін меңгеруге бел буған көрінеді.

Бұған дейін спортшының жаңа жылдан кейін жаттығуға кіріскенін жазған болатынбыз. Ал ұлттық құрама сапына 2026 жылдың басында қосылуды көздеп отыр.

Елдос Сметов 60 келіде үш рет Олимпиада ойындарынан жүлде алды. Ол Риода күміс жүлдегер атанса, Токиода қола иеленді. Ал Париждегі додада 5 белдесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам