Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Алматыда жоғалған боксшы Серік Нұрқазов табылды

26.12.2023, 09:47

Оның осы күнге дейін қайда болғаны әзірге айтылмады

Алматыда жоғалған боксшы Серік Нұрқазов табылды
Алматы қалалық Полиция департаменті

14 желтоқсанда Алматыда із-түзсіз кеткен ардагер боксшы Серік Нұрқазов аман-есен табылды деп хабарлайды 1bol.kz тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

64 жастағы спортшы Медеу ауданындағы мекенжайдан шығып, кері оралмаған. Оның арада 11 күн өткенде табылғанын алматылық полицейлер мәлімдеді.

«1959 жылы туған С.Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды. Бұрын хабарланғандай, із-түзсіз жоғалған азаматтың мекен-жайын анықтау үшін арнайы іздеу тобы құрылған еді», - деп жазылған Алматы қалалық ПД таратқан ақпаратта.

Әзірге спортшының осы күндер ішінде қайда жүргені туралы ақпарат айтылмады. 

Қарағандылық Серік Нұрқазов 1983 жылы Болгарияның Варна қаласында өткен Еуропа біріншілігінде топ жарған. КСРО-ның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ, әлем кубогының күміс және Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам