Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Хабиб ақша төледі»: Қазақ бапкердің шәкірті Олимпиадаға баруға кім көмектескенін айтты

22.01.2025, 10:47

Белорусь атынан күресетін дағыстандықты Жұматай Шубаев жаттықтырады

«Хабиб ақша төледі»: Қазақ бапкердің шәкірті Олимпиадаға баруға кім көмектескенін айтты
Коллаж 1bol.kz

Белгілі аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Париж Олимпиадасынан шеттетіліп, кейін қайта қатысуға  мүмкіндік алған қазақ бапкердің шәкіртіне қыруар қаржы төлегені белгілі болды. 

Белорусь атынан күресетін дағыстандық Магомедхабиб Кадимагомедов былтыр Франция астанасындағы ойындарға жолдама алғанымен, ХОК тарапынан шектеуге ілінген еді. Кейін оған төртжылдықтың басты ойындарына еркін күрес бәсекесіне қатысуға қайта мүмкіндік берілді. 

Алайда бұл ретте қаржылай мәселені шешуге UFC-дің экс-чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің араласқаны айтылды. Бұл туралы балуан өз сұхбатында айтты. 

«Олимпиадаға қатысуға қайта рұқсат бергенде маған 53 мың АҚШ долларын төлеуге тура келді. Алайда бұл мәселені реттеуге Хабиб Нурмагомедов араласып, көмек қолын созды. Әлі күнге мұндай қолы ашық, жомарт жанды көрген жоқпын», - деді балуан. 

Магомедхабиб Кадимагомедов Дағыстанда туғанымен, бүгінде Белорусь елінің құрамасында өнер көрсетеді. Ол 74 келіде Токио Олимпиадасында күміс жүлдегер атанды. Ал Париждегі ойындарда іріктеу кезеңдерінде есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде жолы болмады. Оны Белорусь елінде тұратын қазақ бапкері Жұматай Шубаев жаттықтырады. Париж Олимпиадасынан кейін спортшы 86 келіге ауысып, жақында ел чемпионатында жүлделі орынға ие болды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам