Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әзірбайжан спортшылары Париж олимпиадасының медальдарын кері қайтаратын болды

22.01.2025, 11:31

Мұндай қадамға спортшылар иеленген жүлденің сапасы себеп болып отыр

Әзірбайжан спортшылары Париж олимпиадасының медальдарын кері қайтаратын болды
lequipe.fr

Әзірбайжан Ұлттық Олимпиада комитеті Париж Олимпиадасында спортшылары иеленген бес медальды кері қайтаруға өтініш беретінін мәлімдеді.

Мұндай қадамға спортшылар иеленген жүлденің сапасы себеп болып отыр. Осыдан кейін Халықаралық Олимпиада комитетіне қайтару туралы өтініш беруге әзірлік басталған.

Әзірбайжан Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз хатшысы Мурад Фарзалиевтің айтуынша, екі спортшының жүлдесі ғана қалыпты күйінде.

«Хидаят Гейдаров пен Магомедхан Магомедовтен басқа спортшыларымыздың медалдерінің сапасы нашар екені байқалды. Халықаралық Олимпиада комитетіне барлық спортшымызды жаңа медальмен қамтамасыз етілуі үшін өтініш жасаймыз», – деді ол.

Әзірбайжан спортшылары Париж Олимпиадасында жеті медаль иеленді. Оның ішінде екі алтын, екі күміс және үш қола жүлде бар. Команда сапында дзюдошылар Қарағанды қаласында дүниеге келген Хидаят Гейдаров пен осетиялық легионер Зелим Котсоев Олимпиада чемпионы атанса, таеквондошы Гашим Магомедов жарақатына байланысты шешуші кездесуде жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, боксшы кубалық легионер Лорен Альфонсо Домингес күміс, грек-рим күресінің балуаны Хасрет Джафаров, еркін күрес шеберлері Георгий Мешвилдишвили мен Магомедхан Магомедов қола жүлдеге қол жеткізді.

Сондай-ақ, Әзірбайжан ұлттық олимпиадалық командасы жалпы есепте 30-шы орынға тұрақтады.

Бұған дейін әлемнің жүздеген спортшысы Париж Олимпиадасында иеленген жүлделерінің сапасына қатысты шағым айтқан болатын. Олар иеленген медальдар ай өтпей жатып, бояуы кеткен. Сондай-ақ, кейбір қола жүлделер қарая бастаған. Осыдан кейін Францияда Олимпиада ұйымдастыруға жауаптылар өтінім берген спортшылардың жүлдесін сапалы медальға ауыстыратындығын хабарлады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам