Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Ата-аналарға арыз жаздырды»: Тунистен елге оралған Есбол Сұлтанов өзін шеттеткендер туралы айтты

23.01.2025, 11:39

Сұлтанов таеквондодан ұлттық құрамаға бас бапкер болып тағайындалды

«Ата-аналарға арыз жаздырды»: Тунистен елге оралған Есбол Сұлтанов өзін шеттеткендер туралы айтты
Видеодан кадр

Таеквондодан жақында ғана ұлттық құрамаға бас бапкер болып тағайындалған Есбол Сұлтанов Туниске қалай аттанғанын және құрамада қандай қысастық көргенін айтты. Олимпиада чемпионанын шығарған жаттықтырушының сөзінше, оған елімізде өз әріптестері шеттету үшін түрлі құйтырқы әрекеттерге барған.

Бұл туралы ол журналист Ербол Сейілханға берген сұхбатында айтып берді. Оны Қазақстан құрамасынан кетіру үшін ата-аналардың атынан арыз ұйымдастырылған көрінеді.

«Ата-аналар баласы үшін бәріне барады ғой. Кейбір әріптестер өзіне бәсекелес көрген соң теріс ақпарат беріп, «сіздің балаңыздың ұтылып жатқанына мынау кінәлі» деп айдап салды. Ата-аналар соған сеніп, шынымен осындай екен деп арандап қалды. Кейін сұхбат берген олар «түсінбеппіз, ойланбаппыз, көп қиянат жасаппыз» деп айтқанын естіген шығарсыздар. Ата-аналардың атынан федерацияға арыз жаздырып, басшылық «осыны ескере отырып, «орнынан алып тастауды қарастырамыз» деп жауап жазғаны көңілге тиді. Құрамада Оңтүстік Кореядан келген бапкер мамандар болды. Олардың әдістемесіне мен қарсы болдым. Федерациясының жиындарында соның барлығын айтып, «дұрыс маман әкелген жоқсыздар» тіке жеткіздім. Соның нәтижесінде лауазымымнан айрылып, жай бапкер болдым. Сондай жағдайда жүргенде Тунистен шақырту келді», - деді Есбол Сұлтанов.

Есбол Сұлтанов Париж Олимпиадасында Тунис құрамасының бас бапкері болып, бірнеше шәкіртін додаға қосты. Сол сында Тунис спортшылары таеквондодан 1 алтын, 1 күміс медальға қол жектізген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам