Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қазақстандық спортшы Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады

23.01.2025, 11:52

Джиу-джитсу шебері осыдан екі жыл бұрын Англияға нәпақа табуға аттанған

Қазақстандық спортшы Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады
Instagram/ildar_calisthenics

Ақтаулық спортшы, Гиннесстің рекордтар кітабына енген Ильдар Ягьяев Ұлыбританиядан саяси баспана сұрағанын айтты.

NewTimes.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ильдар мұндай қадамға соңғы кездері қоқан-лоқы көбейіп кеткендіктен бардым деп отыр. Джиу-джитсу шебері осыдан екі жыл бұрын Англияға нәпақа табуға аттанған.

«Саяси баспананы қорғаныс ретінде сұрадым. Себебі бұған дейінгі мәлімдемелерімнен соң менің тарапыма түрлі қоқан-лоқы айтыла бастады. Бәрі шілде айында – БАҚ-та танымал спортшы Англияға орамжапырақ теруге кеткені туралы ақпарат пайда болған сәтте басталды. Осыдан соң түрлі нөмірлерден хабарласып, әлеуметтік желілерде жазып, тіпті бейтаныс адамдар үйім мен жұмысыма да іздеп барған», – деді Ильдар Ягьяев.

Ильдардың айтуынша, Англиядағы екі жылда ол бірнеше рет жұмыс ауыстырған, ал бастапқы кезде шынымен де алқапта жұмыс істеп ақша тапқан.

«Футбол матчтарында стюард болдым, Макдональдста жұмыс істедім. Бірақ заңсыз жұмыс істеу қиын. Саяси баспана берген бойда дұрыстау жұмыс қарастырамын, себебі Қазақстанда тез тамақтану желілерінде директор болып қызмет атқарғанмын», - деп қосты ол.

Ильдар Англияға 2023 жылы кеткен. Дегенмен қара жұмыс істеп жүріп те спортты тастамапты. 2024 жылғы сәуірде тіпті грэпплинг пен джиу-джитсудан Ұлыбритания чемпионатында топ жарған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам