Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қарағандылық 75 жастағы пауэрлифтер Норвегияда әлем чемпионатына қатысады

29.01.2025, 15:58

Пауэрлифтингпен ол 19 жыл бұрын 56 жасында айналыса бастаған

Қарағандылық 75 жастағы пауэрлифтер Норвегияда әлем чемпионатына қатысады
Қарағанды облысы әкімдігі

Қарағанды облысының 75 жастағы пауэрлифтері Норвегияда өтетін әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайды.

Дәрібай Оспанов – пауэрлифтингтен төрт дүркін әлем чемпионы. Ақсақал Шет ауданының Ағадыр кентінде тұрады. Пауэрлифтингпен ол 19 жыл бұрын 56 жасында айналыса бастаған.

«Жас кезімде мен де спортпен – волейболмен айналыстым. Менде 1-ші разряд бар. Сонымен қатар теннис ойнағанмын, самбомен айналыстым, бірақ бұл жай ғана әуесқойлық еді. Ал кәсіби спортпен 56 жасымда ғана айналыса бастадым», – дейді ақсақал.

Алдымен Дәрібай Оспанов өз үйінде жаттыққан. Кенттегі кішігірім спорт залы пауэрлифтингпен айналысуға келмейтін. Алайда, уақыт өте келе спортшы мәселені өз қолына алуды шешкен.

«Біз жатып гір көтеру және басқа да жаттығуларға арналған құралдармен жабдықталған зал құруды шештік. Спорттық жабдықтар металл сынықтарынан жиналды. Осылай, ақырындап, бәрін істедік. Қазір де кейбір құрылғыларды өзіміз жасаймыз. Залымыз кішігірім, жабдықталуы да 100% емес, сондықтан кейбір нәрсені өзіміз жасауға тура келеді», – дейді пауэрлифтер.

2024 жылы әлем чемпионатындағы кезекті жеңісі үшін Дәрібай Оспанов Қасым-Жомарт Тоқаевтан сыйлыққа HS Power жиынтығын алды, ол арнайы орындық пен 450 кг арналған штангадан тұрады.

Қазір ауылдың спорт залында пауэрлифтер ұлымен бірге 9 және одан жоғары жастағы балаларды тегін жаттықтыруда. Олардың арасында төрт халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бірнеше спорт шебері, Қазақстан мен Азия чемпиондары бар.

Бапкерлік қызметтен басқа, ақсақал қажырлы жаттығуларын да жалғастырады. Наурызда оны іріктеу чемпионаты күтіп тұр, онда жеңіске жетсе, Драммен қаласында (Норвегия) өтетін әлем чемпионатына қатысу құқығына ие болады.

«Біз ол сайысқа баламызбен бірге қатысуды жоспарлап отырмыз. Ол пауэрлифтингтен бес дүркін әлем чемпионы. Әрине, мұның бәрі қымбат. Пауэрлифтингті олимпиадалық спорт түрлері сияқты қолдап отырса екен дейміз», – дейді Дәрібай Оспанов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам