Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ута Абе татамиге оралды

29.01.2025, 19:59

Бакудегі Гранд Слэмге Жапония ең мықты құрамын алып бармақшы

Ута Абе татамиге оралды
instagram.com/abe_uta/

Жапония дзюдо федерациясы ақпан айында Бакуде өтетін әлемдік Гранд Слэм жарысына қатысатын құрамды жариялады. Бакудегі турнирге Жапониядан Олимпиада мен әлем чемпиондары және жүлдегерлері қатысады.

Олимпиада және 4 дүркін әлем чемпионы, жапондық феномен Ута Абе 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін әлемдік татамиде алғаш рет өнер көрсетеді. Ута Парижде 1/16 финалда өзбекстандық Диёра Келдиёровадан жеңіліп, жеңілгенін көтере алмай татамиден жылап кеткен болатын. Утаның жеңілісі Париж Олимпиадасындағы басты сенсациялардың бірі болды. 

Келдиёрова Олимпиаданың алтынын алып, Өзбекстанға тарихи жүлде сыйлаған еді.

Утадан бөлек Баку төріне Париж Олимпиадасының жеңімпазы, 3 дүркін әлем чемпионы, 48 келінің соңғы төрт жылдағы лидері Нацуми Цунода қатысады. Цуноданың да Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысы. 

Баку Гранд Слэм турниріне қатысатын Жапония құрамасы; 

Ерлер: 

60 келі

  • Тайки Накамура (әлем чемпионатының қола жүлдегері) 
  • Рюжю Нагаяама (Олимпиада және әлем чемпионатының қола жүлдегері) 

66 келі

  • Рёма Танака (2024 жылғы әлем чемпионы) 
  • Такеока Такеши (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

73 келі 

  • Тацухи Ишихара (2024 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 
  • Рюга Танака (Токио Гранд Слэмнің жеңімпазы)

81 келі 

  • Юхэй Ойно (2024 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)

90 келі 

  • Санчиро Мурао (Олимпиада және әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

-100 келі 

  • Арай Дота (2024 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері)

+100 келі 

  • Ота Хьяго (Гранд Слэм және Азия чемпионатының жеңімпазы) 
  • Канто Накано (Токио Гранд Слэм турнирінің жеңімпазы) 

Әйелдер: 

48 келі 

  • Нацуми Цунода (Олимпиада және әлем чемпионы)

52 келі

  • Ута Абе (Олимпиада және әлем чемпионы)

57 келі

  • Тамаоки Момо (әлем чемпионатының күміс жүлдегері) 
  • Такано Айами (Гранд Слэм турнирлерінің жүлдегері)

63 келі

  • Аоно Минами (Гранд Слэм турнирлерінің жүлдегері)

70 келі 

  • Шихо Танака (Гранд Слэм және Азия ойындарының жеңімпазы)

-78 келі 

  • Умеки Мами (әлем чемпионы)

+78 келі 

  • Такахаши Рури (Гранд Слэм турнирлерінің жүлдегері)
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам