Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Олимпиададан төрт рет жүлде алған Әзірбайжан балуаны мансабын жалғастыруы мүмкін

31.01.2025, 00:46

Ол – әлемнің екі дүркін, Еуропаның 10 мәрте жеңімпазы

Олимпиададан төрт рет жүлде алған Әзірбайжан балуаны мансабын жалғастыруы мүмкін
report.az

Әйелдер күресінен Олимпиада ойындарынан төрт рет жүлде алған Әзірбайжан балуаны спорттық мансабына қатысты мәлімдеме жасады. 

Этникалық украин, 36 жастағы Мария Стадник былтыр Париже өткен ойындардың іріктеу кезеңдерінде моңғол спортшысына есе жіберіп, жүлдесіз қалған болатын. Енді ол түпкілікті шешім қабылдап, ол туралы жанкүйерлеріне мәлімдейтінін атады.

«Париж Олимпиадасынан кейін көптеген жан менен "Енді не істейсің? Осымен бәрі бітті ме әлде ары қарай жалғастырасың ба?" деп сұраумен келеді. Әзірге менде үзіліс. Себебі маған қайсысы қолайлы екенін жақсылап ойлануым керек. Алдағы уақытта өзімнің түбегейлі шешімім туралы айтатын боламын», - жазды спортшы желіде.

Мария Стадник 1988 жылы 3 желтоқсанда дүниеге келген. 2007 жылға дейін Украина құрамасында өнер көрсеткен. Кейін ол құрамада 48 келіде №2 балуан болуына байланысты Әзірбайжан азаматтығын алып, сол елдің атынан өнер көрсете бастады. Спортшы Бейжің және Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанса, Лондон және Рио Олимпиадаларында финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, балуан әлемнің екі дүркін, Еуропаның 10 мәрте жеңімпазы. Бұдан бөлек, Еуропа ойындарының екі рет чемпион атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды2
Ұнамайды0
Күлкілі0
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Әзірге жазылған пікір жоқ
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам