Черчесовтың түбіне «қазақ тілі» жетті ме? Жаңа бапкерге – жаңа талап. Қазақты мазақ қылғандар туралы

«Өмір бойына сотталды»: Ақтауда спортшы қызды зорлаған бес жігітке сот қайта үкім кесті

31.01.2025, 10:36

Бүгін аппеляциялық соттың шешімі шығып, судья үкімді оқыды

«Өмір бойына сотталды»: Ақтауда спортшы қызды зорлаған бес жігітке сот қайта үкім кесті
"Не молчи" ҚҚ

Былтыр мамыр айында Ақтауда бес жігіт фитнес жаттықтырушысы болып жұмыс істейтін спортшы қызды ұрлап кетіп, бірнеше сағат бойы күштеп ұстағаны БАҚ беттерінде жарияланды.

Оқиғадан соң жәбір көрген бойжеткен 9-қабаттан секіріп көз жұмды. Ал марқұмның туысы кінәлілерге кесілген соттың үкімімен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген еді.

Алғашқы шешім бойынша, басты күдікті саналған 33 жастағы азамат Қылмыстық Кодекстің 8-бабы бойынша 20 жылға бас бостандығынан айрылған. Басқа екі жігіт – 7 жылға, ал қалған екеуі 8 жылға жаза арқалған.

Бүгін аппеляциялық соттың шешімі шығып, судья үкімді оқыды. 

Басты күдікті Нұргелді Сейітқалиев өмір бойы бас бостандығынан айырылды.

Қалған айыпталушыларға мынадай жаза берілді:

Еркебұлан Аманқос — 16 жыл.
Аралбай Мерей — 13 жыл.
Дархан Құлбас — 13 жыл.
Қуаныш Үсенғали — 13 жыл.

Зардап шеккен отбасыға 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам