Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Париж Олимпиадасына жүктілігіне қарамастан қатысқан дзюдошы қыз босанды

05.02.2025, 11:31

Ол – Абиба Әбужақынованың басты қарсыластарының бірі

Париж Олимпиадасына жүктілігіне қарамастан қатысқан дзюдошы қыз босанды
olympics.com

Дзюдодан 48 келіде Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2024 жылғы әлем чемпионы, моңғолиялық Бавуудорж Баасанхүү ана атанды. Ол Олимпиадада жүктіліктің үшінші айында күрескен. Барлығы бес белдесу өткізіп, төртеуінде жеңіске жеткен. Финалда жапондық Нацуми Цунодадан ғана жеңілген болатын.

Баасанхүү – Қазақстанның үздік дзюдошы қызы Абиба Әбужақынованың басты қарсыластарының бірі. Абиба екеуі үш рет белдесіп, екеуінде Баасанхүү басым түссе, бір рет Абиба айласын асырған. Абиба 2024 жылы Азия және әлем чемпионатының жартылай финалында осы Баасанхүүден өте алмаған.


Париж Олимпиадасы

25 жастағы соңғол қызы 2024 жылы 96 күннің ішінде үлкен жетістіктерге жетті. Олимпиаданың күміс медалінен бөлек Азия, әлем  чемпионатында және Душанбе Гран Слэм турнирінде топ жарған. 

96 күнде бұндай жетістікке ешкім жетпеген.

Айта кету керек, Баасанхүүдің күйеуі – Гэрэлтуяа Болор-очир есімді дзюдошы. Болор-очир 81 келіде Моңғолияның бірінші нөмерлі балуаны.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам