Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Бұрынғы спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының аштық жариялағаны жалған болып шықты

11.02.2025, 10:04

Сондай-ақ, оның суицид жасауға ниеттенген хаты да әлеуметтік желіде тарап кетті

Бұрынғы спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының аштық жариялағаны жалған болып шықты
Baq.kz

Қазақстанның бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы түрмеде жатып аштық жариялағаны туралы бұған дейін ақпарат тараған болатын. Дегенмен, Атбасардағы түрме өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Айта кетейік, 10 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлының Facebook-парақшасында оның аштық жариялағаны туралы жазба жарияланған болатын.

«Мен аштық жарияладым. Әуел бастан-ақ өзімді кінәлі санамадым», - деп жазылған аталған жазбада.

Бірақ ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Мұхамедиұлының аштық жариялағаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Ол қалыпты жағдайда тамақ ішіп жатыр, бұл бейнебақылау камералары арқылы расталған. Одан ешқандай арыз да, шағым да болған жоқ. Сондай-ақ, белгіленген тәртіппен сотталғанның қолында ұялы телефоны жоқ», - дейді комитет.

Ал оның атына әлеуметтік желіде жарияланған жарияланым бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары аталған жазбаны кім жазғанын анықтамақшы.

Айта кетейік, экс-министр қазіргі кезде жазасын Атбасардағы түзеу колониясында өтеп жатыр. Ол 11 жылға сотталған. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдар аралығында Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі болған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам