Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Өзбекстандағы қазақ балуаны әлемдік рейтингтік турнирде қола медаль алды

11.02.2025, 10:36

Қазақстаннан барған жалғыз балуан жеңіліп қалды

Өзбекстандағы қазақ балуаны әлемдік рейтингтік турнирде қола медаль алды
UWW

Загреб (Хорватия) қаласында күрес түрлерінен бірінші әлемдік рейтингтік турнир өтті. Аталмыш додада грек-рим күресінен Өзбекстан атынан күрескен 19 жастағы қазақ балуаны Айтжан Қалмаханов қола жүлдегер атанды. 

Айтжан Загреб бозкілемінде жарыстың фовариттерінен басым түсті. Алғашқы белдесуінде әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері әзербайжандық Мурад Маммадовты жеңсе, жартылай финалда Иран балуаны Мохаммад Мехди Аббастан жеңілді. Қола медаль үшін белдесуде әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы, Париж Олимпиадасының қатысушысы – отандасы Исломжон Бахрамовтан айласын асырды.

Бұл – Айтжанның ересектер арасындағы турнирлерде алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін ол 2022 жылы U17 санатында әлем чемпионы атанған. Сондай-ақ, U17 санатында әлем және Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген.

Айта кетейік, Загребтегі турнирге Қазақстаннан грек-рим күресінен Ислам Евлоев қана қатысып, алғашқы айналымда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Турпал-Али Бисултановтан жеңілді

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам