Геннадий Головкин төлқұжатын ауыстырды

21.02.2025, 16:50

Боксшы Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығын аралап көрді

Геннадий Головкин төлқұжатын ауыстырды
Видеодан кадр

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Астанадағы Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, төлқұжат ауыстырды. 

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Аты аңызға айналған Геннадий Головкин елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Ол төлқұжатын ауыстыру үшін алдын ала онлайн жазылды. Чемпионды Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиевтің өзі қарсы алды», – делінген хабарламада.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам