Мұхит пен Ануарбек студияда төбелесті! Жаңа шығарылым!

«Қазақ стилінің» телерейтингтері төмен»: Эгис Климас Жәнібекті сынағандарға жауап берді

21.02.2025, 18:07

Ол қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын қорғап шықты

«Қазақ стилінің» телерейтингтері төмен»: Эгис Климас Жәнібекті сынағандарға жауап берді
Видеодан кадр

Менеджер Эгис Климас өз қамқорлығындағы боксшы, орта салмақтағы WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын қорғап шықты. Бұған инсайдер әрі журналист Дэн Рафаэльдің тарапынан айтылған сын себеп болды.

Бұған дейін Дэн Рафаэль X әлеуметтік желісінде Жәнібекке қатысты пікір білдіріп, «Қазақ стилінің» телерейтингтері жоғары емес екенін және оның жекпе-жектеріне билеттердің мүлде сатылмайтынын мәлімдеген еді.

«Дэн, сен бокс туралы әңгімелеріңмен телефон да сата алмайсың, ал сен Жәнібектің рейтингтері жайлы сөз қозғап отырсың. 2023 жылы Жәнібектің жекпе-жегі ESPN арнасында көрермен саны бойынша төртінші орынға ие болды. Ал 2024 жылғы жалғыз кездесуі Австралияда өткендіктен, жергілікті уақыт бойынша таңғы 4:00-де көрсетілсе де, сенің әңгімелеріңнен әлдеқайда маңызды болды. Досым, телефоныңды орнына қой», – деп жазды Климас Рафаэльдің жазбасына жауап ретінде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам