Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Алматы облысының спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

26.02.2025, 09:48

Бүл лауазымды Айбол Құлбаев атқаратын болды

Алматы облысының спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Туризм жəне спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігі Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылығына үміткердің кандидатурасына келісім берді.

Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері К. Ахметов атындағы Республикалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің директоры Айбол Құлбаевтың кандидатурасына келісім берді.

Кандидаттың спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам