Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жәмила Бақбергенова Тиранадағы рейтингтік турнирдің чемпионы атанды

02.03.2025, 00:03

Эльмира Сыздықова осы турнирде қола жүлдегер атанды

Жәмила Бақбергенова Тиранадағы рейтингтік турнирдің чемпионы атанды
UWW

Тиранада (Албания) өтіп жатқан күрес түрлерінен екінші әлемдік рейтингтік турнирде әйелдер күресінен 72 келіде бақ сынаған Жәмила Бақбергенова жеңімпаз атанды. 

Жәмила биыл осымен екінші рет ірі турнирде алтын медальға ие болды. 15 күн бұрын ол Минскде өткен халықаралық турнирде чемпион атанған болатын.

Жәмила Тирана бозкілемінде 3 белдесу өткізді. Салмағында балуан аз болғандықтан белдесулер айналмалы жүйе арқылы өтті. Алдымен тәжірибелі украиналық Алла Белинсканы 3:1 есебімен жеңсе, екінші белдесуде америкалық Александра Жунис Глаудеден жеңілді. Шешуші белдесуде Аргентина балуаны Линда Мачуканың қос жауырынын боз кілемге қадады.

Сондай-ақ, 76 келіде күрескен тағы бір танымал қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова қола медаль олжалады. Эльмира алғашқы айналымда ресейлік Валерия Трифоновадан айласын асырды (8:0). Ширек финалда румыниялық Александра Анжелді айқын басымдықпен жеңді (12:1). Жартылай финалда америкалық Димон Гуйлфордқа есе жіберді. Ал, қола медаль үшін белдесуде қытай қызы Иангланы тушемен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін Албаниядағы турнирде еркін күрестен 3 қазақстандық балуан медаль алған. Олар, Болат Сақаев (86 келі) – күміс алса, Рустам Мырзағалиев (86 келі) пен Мұхамед Балғабай (61 келі) қола медаль олжаған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам