Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Бала кезден таныспыз»: қазақстандық балуан Сайтиевпен байланысы туралы айтты

05.03.2025, 10:21

Олимпиаданың үш дүркін чемпионы жуырда ғана қайтыс болды

«Бала кезден таныспыз»: қазақстандық балуан Сайтиевпен байланысы туралы айтты
ТАСС

Қазақстан балуаны Магомед Куруглиев дағыстандық даңқты балуан Бувайсар Сайтиевтің өмірден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына, сондай-ақ Ресей халқына көңіл айтты. 

Куруглиев Сайтиевті жасөспірім шағынан танитынын атап, оның еркін күреске қосқан үлесіне тоқталды.

«Өмірден белгілі балуан өтті. Осыған орай марқұмның отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Сайтиев екеуіміз жасөспірім кезімізде жарыстарда танысып, кеңестік кезеңдегі турнирлерле қатар өнер көрсеттік. Кейін ересектер арасында да қатар күрестік. Ол ерекше техникасымен, кілемдегі табанлығымен, мінезімен көзге түсті. Адам ретінде де мықты азамат еді. Әлеуметтік желіде көпшілік оның қайғысын ауыр қабылдағанын байқадым. Ол күресте ғана емес, саясатта да өз орнын айшықтады. Оны барлық адам жақсы көрді. Сайтиев артында өшпес із қалдырды. Алдағы 100 жылда мұндай балуан туа ма, тумай ма, белгісіз. Соңғы рет екеуіміз былтыр сөйлестік. Маған достарым телефон соғып, ол сол жерде отыр екен. Тұтқаны алып, менің көрінбей кеткенімді айтып, баламның жарыстардағы аяқалысын жіті бақылап отыратынын атады. Өмірден өткен Сайтиевтің жақындарына көңіл айта отырып, сабыр тілеймін», - деді Магомед Куруглиев. Балуанның видеоүндеуін спорт журналисі Айбек Мұханов өзінің Facebook-парақшасында бөліскен.

Магомед Куруглиев еркін күрестен 84 келіде 1996, 2000, 2004 жылдары өткен Олимпиада ойындарына қатысқан. Ол үш рет Азия ойындарында жүлдегер атанса, 2005 әлем біріншілігінде қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Азия чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері.

Бувайсар Сайтиев болса Олимпиада ойындарының үш дүркін, әлемнің алты дүркін чемпионы. Ол 50 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам