Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Спорт министрі қысқы Азия ойындарының сәтсіздігінен кейін ешкімді жазаламады

05.03.2025, 10:00

Спортшылар келер жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиадарына дайындығын бастады

Спорт министрі қысқы Азия ойындарының сәтсіздігінен кейін ешкімді жазаламады
Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов IX қысқы Азия ойындарын қорытындылап жиын өткізді. Харбиндегі құрлық додасында Қазақстан спортшылары небәрі 4 алтын медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте төртінші орын алған болатын. Ел тарихында бұл ең төменгі көрсеткіш болып есептелді.

Осынау сәтсіздіктен кейін төмен нәтиже көрсеткен федерациялардың басшылары жазаланады деп күтілген. Алайда, Ербол Мырзабосынов төмен нәтижеге алаңдаушылық білдіруден әріге бармады.

«Федерацияларға барлық қажетті жағдай жасалған, мамандар мен заманауи техникамен қамтамасыз етілген. Бірақ кейбір спорт түрлерінде нәтижелер көңіл көншітпейді. Бұл жағдайдың себептерін жан-жақты зерттеу қажет. Спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін инновациялық әдістер мен ғылыми негізделген тәсілдерді енгізу қажет», – деп мәлімдеді министр.

Сондай-ақ, Мырзабосынов келер жылы Миланда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына дайындықты қазірден күшейтуді тапсырып отыр.

XXV қысқы Олимпиада ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам