Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Өзбекстанның танымал ауыратлеті 8 жылға спорттан шеттетілді

11.03.2025, 14:52

Ол осымен екінші рет допинг пайдаланғаны үшін ұсталып отыр

Өзбекстанның танымал ауыратлеті 8 жылға спорттан шеттетілді
olympic.uz

Өзбекстандық ауыратлет, Азия чемпионы Рустам Джангабаев спорттан сегіз жылға шеттетілді. Оның ағзасынан тыйым салынған «остарин» препараты табылған деп хабарлады Халықаралық допинг тестілеу агенттігі.

Рустам осымен екінші рет допинг қолданғаны үшін жазаланып отыр. 2019 жылы тест тапсырған кезде де оның ағзасынан тыйым салынған гормондық зат табылып, ол төрт жылға дисквалификация алған болатын. 2023 жылы жаза мерзімі аяқталып, спортшы ауыр атлетикаға қайта оралды. Алайда, арада бір жылдан астам уақыт өткенде қайта ұсталды.

Айта кетейік, Рустам Джангабаев 2017 жылы Бакуде өткен Ислам ынтымақтастық елдерінің ойындарында жеңіске жеткен. 2017 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, 2018 жылы Джакартадағы Азия ойындарында қола медаль иеленген. Ал 2016 жылы Рио Олимпиадасына қатысып, 6-орын алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам