Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Қырықтан асса да бабында»: Әлия Юсупова шәкірттеріне мастер-класс көрсетті (ВИДЕО)

11.03.2025, 15:27

Ол бүгінде Қазақстан гимнастика федерациясының президенті

«Қырықтан асса да бабында»: Әлия Юсупова шәкірттеріне мастер-класс көрсетті (ВИДЕО)
olympic.kz

Көркем гимнастикадан 2006 жылғы Азия ойындарының абсолютті чемпионы Әлия Юсупова жаттығулардың бірінде әлі де бабында екенін байқатты. Ол жас шәкірттеріне көркем гимнастика әдістерін қалай дұрыс жасау керектігін көрсетті. 

Экс-спортшының видеосы әлеуметтік желіде тараған. Желі қолданушылары оның бабында екенін айтып мақтауын келтіріп жатыр.

«40 жасында фигурасы әдемі», «Әлия Юсупова – қандай нәзік спортпен айналысса, сондай  мінезге ие абсолютті чемпион», «Әлемдік деңгейдегі спортшы», «Үнемі жоғары деңгейде өнер көрсететін элиталы гимнастшы болды», «Мынандай өнерге лүпіл баспау мүмкін емес», «Қазақтың алтын қызы», «Мықты еңбегін жаңа берсін», - деген пікірлер желіде көптеп жазылған.

Айта кетейік, Әлия Юсупова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Афины (2004) және Бейжіңде (2008) өткен жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолютты чемпионы болған. Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері. 

Қазіргі кезде Қазақстан гимнастика федерациясының президенті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам