Шахматшы қыз 2023 жылы тұрмысқа шыққан
Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді. 25 жастағы Жансая өмірлік жарының туған күнінде оған деген сезімін әлеуметтік желіде жеткізді.
«Әлемдегі ең бақытты жан бол! Ал мен әрқашан жаныңнан табыламын! Сүйемін, сүйемін», - деп жазды Әбдімәлік.
Естеріңізде болса, жұп 2023 жылы сәуір айында шаңырақ көтерді. Шахматшының таңдауы «Қазақмыс» басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриевке түскен.
Жансая былтыр карьерасында үзіліс алатынын мәлімдеген. Дегенмен спорттан біржола кетпегінін де еске салды. Ол уақытының басым бөлігін отбасына және өзіне арнағысы келетінін айтқан.
Жансая Әбдімәлік – әйелдер Гран-приінде жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық. Ол бұл атаққа 2021 жылы Гибралтарда қол жеткізді.