Жанкүйерлері спортшы қызға сауал жолдаған
Күні кеше қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова өзінің ажырасқанын ашып айтқан. Осыдан кейін желіде еліміздегі ең сұлу волейболшы қызына басы бос үміткерлер көбейген.
«Сіздің күйеуіңіз болуға кімнің мүмкіндігі бар? «Қандай критерийлер бар?» — деп сұрады желі қолданушыларының бірі.
Сабина өз кезегінде: «Мен кішкене үзіліс жасап демалып алсам бола ма?», - деп жазды.
Айта кетейік, волейболшы Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шығып, 2021 жылы ерлі-зайыпты ұлды болған.
Бүгінде Алтынбекова Индонезияның «Yogya Falcons» командасында өнер көрсетеді.