
32 жастағы Жасұлан Қыдырбаев 2014 жылы әлем чемпионатында топ жарған
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болған Тұрсынғали Еділов ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев пен оның әйеліне бата берді. Бұл туралы белгілі зілтеміршінің әйелі Меруерт Қыдырбаева атап өтті.
«Тұрсынғали Еділов ағамның батасын алдық. Ағамызды көріп бір қуанып қалдық. Ол кісі ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы. 1997-2002 жылдары ұлттық құрама командасының бас бапкері болған. Қазақ боксының «алтын бапкері» деуге болады. Сіздің жолыңызды берсін. Олимпиада шының бағындыру бізге де бұйырсын», - деді Меруерт Қыдырбаева.
32 жастағы Жасұлан Қыдырбаев 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында 94 келіде топ жарды.
Алайда 2016 жылы қазақстандық ауыр атлеттер допинг дауына ілінгенде әлем чемпионы Қыдырбаев 8 жылға спорттан шеттетілген болатын.