Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Ханчжоуда финалға шықты

14.03.2025, 19:44

Мөлдір күндізгі сессияда өз тобында қарсылас шақ келтірген жоқ

Каратэден әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай Ханчжоуда финалға шықты
Спортты дамыту дирекциясы

Каратэден Ұлттық құрама көшбасшысының бірі Мөлдір Жаңбырбай (50 кг) Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған премьер-лига санатындағы бәсекенің ақтық сынына шықты. 

Мөлдір күндізгі сессияда өз тобында қарсылас шақ келтірген жоқ. Әуелі Наталья Варгованы (Словакия) сосын Теодора Цанева (Болгария), Аика Оказакиді (Жапония) ұтты. Ал ширек финалда Канада, жартылай финалда Жапония (Сара Цуцуми) каратэшісінен басым түсті. 

Еске сала кетейік, ақтық айқас 16 наурызда өтеді. Отандасымыздың қарсыласы - Алжир өкілі.

Жалпы Ханчжоудағы жарысқа Қазақстан командасы 13 спорты (бәрі кумите бағдарламасында) апарды. Бүгін татамиге шыққан Азия ойындарының күміс жүлдегері Дидар Әмірәлі (67 кг), Дархан Теміралиев (60 кг), Олжас Алтынбек (67 кг) іріктеуден плей-офф кезеңіне өте алмады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам